Диктант «Көктем келді»

Көктем де келді. Ауылдың ортасынан қақ жарып ағып жатқан өзен таси бастады. Қар еріп, сай – саланы су алды. Өзен жағасына жақын тұрған үйдің адамдары түнімен ұйықтамай шығады. Ауыл қариялары қолдарын көлегейлеп ұшқан құсқа жиі қарайды.Өйткені тырна келген соң, жер жыртуға болады. Олар сол сәтті тосады. Тырналар ұшып келді. Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды. ( 56 сөз )

Тапсырма:
  1. 3-сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
  2. «Тырна» деген сөзді жекеше, көпше түрде тәуелде.
  3. «Тырналардың» сөзін сөз құрамына талда.
  • 12 116