Диктант «Шағала»

Көл ортасындағы шағын аралда шағала ұялары бар. Бұл кеште аспан ашық болатын. Аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Көл беті айнадай жарқырайды! Өте тамаша көрініс!

Кенет арал шуға толып кетті. Шағалалар шаңқылдай ұшып, айналып қонып, айта көтеріледі. Не болғанын білгілерің келе ме? Шағалалар қауіптің төнгенін сезді.

Он сағат өткенде, солтүстіктен күшті дауыл тұрды. Көлдің беті алай-дүлей болды. (55 сөз)

Тапсырма:
  1. Сөйлемдердің түрлеріне қарай топтап санын жаз.
  2. «Аспанда шөкімдей бұлт жоқ» сөйлем мүшесіне талда.
  3. «Солтүстіктен» сөзін тасымалдау түрін жаз.
  • 3 335