Категория «Қазақ тілі»

4 тоқсан

Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Шағала»

Көл ортасындағы шағын аралда шағала ұялары бар. Бұл кеште аспан ашық болатын. Аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Көл беті айнадай жарқырайды! Өте тамаша көрініс! Кенет арал шуға толып кетті. Шағалалар шаңқылдай ұшып, айналып қонып, айта көтеріледі. Не болғанын білгілерің келе ме? Шағалалар қауіптің төнгенін сезді. Он сағат өткенде, солтүстіктен күшті дауыл тұрды. Көлдің беті алай-дүлей болды.
Тапсырма
  • 2 909
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Көктем келді»

Көктем де келді. Ауылдың ортасынан қақ жарып ағып жатқан өзен таси бастады. Қар еріп, сай – саланы су алды. Өзен жағасына жақын тұрған үйдің адамдары түнімен ұйықтамай шығады. Ауыл қариялары қолдарын көлегейлеп ұшқан құсқа жиі қарайды.Өйткені тырна келген соң, жер жыртуға болады. Олар сол сәтті тосады. Тырналар ұшып келді. Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды.
Тапсырма
  • 7 961
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Ақбөкен»

Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ- тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер қарауыл қарайды. Төнген қауіпке пысқырып дыбыс береді. Ақбө-кендер сырттай қарағанда қойға ұқсайды. Олардың тұмсығы жалпақтау, басы үлкен болып келеді. Артқы аяқтарынан алдыңғы аяқтары қысқалау. Көздері қайнар суындай тұп-тұнық. Ақбөкендер – өте сақ жануар. Ақбөкен дәрілік мүйізі үшін көптеп ауланды. Қазір саны азайып кетті.
Тапсырма
  • 3 585
Категория «Қазақ тілі»

Жылдық диктант «Сауысқанның белгісі»

Орман ішімен түлкі келе жатты. Алаңқайлардан жүгіріп өтті. Қалың ағаштардың арасынан ептеп жүреді. Бір бұтаға да соқтықпайды. Кенет ол жер бауырлап жата қалды. Балапандарын ертіп бөдене келе жатыр екен. Сол арада сауысқан шық ете қалды. Бөдене мен балапандар пыр етіп ұша жөнелді. Түлкінің әрекеті зая кетті.
Тапсырма
  • 1 684
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Біздің мектеп»

Мен алтыншы орта мектепте оқимын. Мектеп Сейфуллин көшесінде орналасқан. Біздің мектеп үш қабатты. Мектепте әр пәннің кабинеті бар. Мектепте бірінші қабатта асхана, дене шынықтыру залы, сынып бөлмелері орналасқан. Мектепте белгілі адамдармен кездесулер өтіп тұрады.
Тапсырма
  • 2 276
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Дәптер»

Әр оқушының дәптері болады. Әр пәнге жеке дәптер арнайды. Қазақ, орыс, ағылшын тілдері сабақтарына жаттығу жолды дәптерге орындалады. Дәптерді мұғалім тексеріп, баға қояды. Сондықтан дәптерге әдемі жаз! Дәптерді орынсыз сызып, шимайлауға болмайды. Дәптерлерің таза ұста!
Тапсырма
  • 1 425