Диктант «Қыста»

ҚҚыста жануарларға тамақ тауып жеу оңай емес. Құстар жылы жаққа ке-теді. Сауысқандар, ала қарғалар, торғайлар қалады. Суықтан сақтану үшін арқар, елік, қарақұйрық, киік, марал сияқты аңдардың жүні күзден бастап ұзарып қалыңдайды. Кейбір аңдардың терісінің астында май қабаты сақталады. Бұл оның бойындағы жылылықты сақтайды, тоңдырмайды. (45 сөз)

Тапсырма:
  1. Құстардың аттарын жекеше түрде жаз.
  2. Жануарлардың аттарын көпше түрде жаз.
  3. Қыс айларының атын жаз.
  • 5 493