Диктант «Шахтада»

Біз қалада тұрамыз. Әкем шахтада істейді. Шахтер болуды мен де ұнатамын. Шахтаны көргім келеді. Оның қайда екенін білемін. Анау биік қара таудың қасында. Тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер есік сол жерде. Ақыры шыдамадым. Әкем сыйлаған фонарымды алдым да тура шахтаға тарттым. (40 сөз)

Тапсырма:
  1. Фонарь сөзіне дыбыстық талдау жаса.
  2. Алдыңғы екі сөйлемнен қимылды білдіретін сөздердің астын сыз.
  3. Етегінде, сыйлаған сөздерін буынға бөліп жаз.
  • 3 365