Диктант «Бозторғай»

Омар атам үй сыртындағы бақшаны аралап келе жатты. Түні бойы суық жаңбыр жауды. Жер сыз. Атай жусанның ығында бүрісіп отырған кішкентай құсты көрді. Ұшуға жарап қалған бозторғайдың балапаны. Тұмсығының жиектері сап-сары. Өзіне әбден жаңбыр өткен. Екі қанаты салбырап , дір-дір етеді. (41сөз)

Тапсырма:
  1. «Бақшаны, жусанның, бозторғайдың» деген сөздердің түбірін тап.
  2. Қандай? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.
  3. «Кішкентай, тұмсығының» сөздерін қалай тасымалдауға болатынын көрсет.
  • 5 648