Диктант «Қосаяқ»

Қосаяқ – кішкентай кеміргіш аң. Шөлді, жазық жерлерді мекендейді. Ол – өте секіргіш аң. Басына төнген қауіптен қашқанда бірнеше метр жерге оңай секіреді. Қосаяқ – құс сүйекті жануар. Күні бойы інінде ұйықтап жатады. Кешке қарай жем іздеуге шығады. Дән және шөптердің тамырымен қоректенеді. Қосаяқтар – түнде қоректенетін жануар. (44 сөз)

Тапсырма:
  1. Бастауыштардың астын бір сызықпен, баяндауыштардың астын екі сызықпен сыз.
  2. Соңғы екі сөйлемнен қатаң дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
  3. Мекендейді, қоректенеді сөздерін буынға жаз.
  • 4 177