Категория «Қазақ тілі»

3 сынып диктанттары

3 сыныпқа арналған қазақ тілінен диктанттар жинағы. Сөздік диктанты: 12-15 сөз. Бақылау диктанты: 3-сынып - I жартыжылдықта 40-50 сөз, жыл аяғында 50-65 сөз.

Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Күз»

Қыркүйек. Күздің алғашқы айы. Аспан бұлттанды. Күннің қызуы азаяды. Күн салқындай бастайды. Ағаштың жапырақтары сарғая бастады. Терек пен қайың жасыл жапырағынан айырылды. Айнала сары ала түске боялды. Шық осы айда түседі. Құстар да жылы жаққа ұшып кетеді. Аңдар қысқы тіршіліктеріне кіріседі.
Тапсырма
  • 3 574
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Соңғы алма»

Күз айы еді. Рысбек ауланы жапырақтардан тазартып жүрген. Бір кезде ағаш басындағы жалғыз алмаға көзі түсті. Рысбек ойланбастан алманы алғысы келді. Ол бұтаққа шықты. Бұтақ сынып кетті. Рысбек ағаш түбіндегі кірпінің үстіне құлады. Ол жылап қалды. Үзіліп түскен алма кірпінің үстінде кетті.
Тапсырма
  • 2 438
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Балық аулаған балалар»

Күн жылы еді. Балалар өзенге келді. Біраздан соң қатты жел тұрды. Аспанды бұлт қаптады. Сіркіреп жауын жауды. Аздан соң жаңбыр құйып кетті. Балалардың үсті су болды. Олар ағаштардың арасына тығылды. Жауын басылды. Күн шықты. Балалар қайтадан өзенге келді. Қармақ салды. Балық ұстады. Кешке үйге қайтты.
Тапсырма
  • 1 991
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Аңқау күшік»

Біздің Мойнақ деген күшігіміз бар. Мойнақты шеңберден қарғытып өткізбек болдық. Күшік шеңберден қарғымады. Сонан соң қағазға мысықтың суретін салдық. Оны шеңберге жапсырдық. Мойнақ суретті көрді. Аңқау күшік суретті тірі мысық екен деп, оған оқтай атылды. Сөйтіп, мойнақ шеңберден қарғуды үйренді.
Тапсырма
  • 2 101
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Зейінді оқушы»

Шоқан он жасында әскери мектепке оқуға түсті. Мектепке келгенде орыс тілін білмейтін. Ол аз күнде орыс тілін үйренді. Шоқан өт е зейінді оқушы болды. Ол саяхат туралы кітапты қызығып оқыды. Саяхатшы болуды арман етті. Шоқан суретті де жақсы салды. Ол мектепті алтын алқамен бітірді.
Тапсырма
  • 1 480
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Құмырадағы су»

Қорада құмыра тұр. Оның ішінде суы бар. Бір кезде қара қарға құмыраның қасына келіп қонды. Оның су ішкісі келді. Құмыра биік. Қарғаның тұмсығы құмырадағы суға жетпеді. Қарға жерде жатқан тастарды көрді. Ол тастарды тұмсығымен тістеп, құмыраға тастай бастады. Су көтерілді. Қарға құмырадан су ішті.
Тапсырма
  • 1 539
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Біздің отбасымыз»

Менің отбасым үлкен. Отбасымызда бес адам бар.Олар: әкем, шешем, ағам, қарындасым және мен. Ағам –студент. Қарындасым төрт жаста. Ол балабақшаға барады. Біз бірге сурет саламыз, ойнаймыз. Мен үшінші сыныпта оқимын.
Тапсырма
  • 1 365
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Қол сағаты»

Мынау қол сағаты. Сағатта бірден он екіге дейін сандар бар. Сағаттың үш тілі бар. Ұзын тілі минутты көрсетеді, бұл - минут тілі. Қысқа тілі сағатты көрсетеді,бұл - сағат тілі. Үшінші тіл – секунд тілі. Адамдарға сағат өте қажет.
Тапсырма
  • 821
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Менің бөлмем»

Бұл менің бөлмем. Оң жақта керует тұр. Сол жақта орындық тұр. Үстелдің үстінде компьютер бар. Бұрышта сөре бар. Еденде әдемі кілем жатыр. Төбеде аспалы шам ілулі тұр. Мен бөлмемді жуамын. Менің бөлмем таза,жылы, әсем.
Тапсырма
  • 1 235
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Қосаяқ»

Қосаяқ – кішкентай кеміргіш аң. Шөлді, жазық жерлерді мекендейді. Ол – өте секіргіш аң. Басына төнген қауіптен қашқанда бірнеше метр жерге оңай секіреді. Қосаяқ – құс сүйекті жануар. Күні бойы інінде ұйықтап жатады. Кешке қарай жем іздеуге шығады. Дән және шөптердің тамырымен қоректенеді. Қосаяқтар – түнде қоректенетін жануар.
Тапсырма
  • 1 506
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Шахтада»

Біз қалада тұрамыз. Әкем шахтада істейді. Шахтер болуды мен де ұнатамын. Шахтаны көргім келеді. Оның қайда екенін білемін. Анау биік қара таудың қасында. Тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер есік сол жерде. Ақыры шыдамадым. Әкем сыйлаған фонарымды алдым да тура шахтаға тарттым.
Тапсырма
  • 1 145
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Бозторғай»

Омар атам үй сыртындағы бақшаны аралап келе жатты. Түні бойы суық жаңбыр жауды. Жер саз. Атай жусанның ығында бүріс іп отырған кішкентай құсты көрді. Ұшуға жарап қалған бозторғайдың балапаны екен. Тұмысығының жиектері сап- сары. Өзіне әбден жаңбыр өткен. Екі қанаты салбырап, дір – дір етеді.
Тапсырма
  • 1 716
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Көкөністер»

Мен көкөністер дүкеніне бардым. Онда картоп, орамжапырақ, сәбіз, пияз, қызылша, қарбыз, қияр, қызынақ бар екен. Біз көкөністерден түрлі салат жасаймыз. Көкөністерде, азық түліктерде, жемістерде адамға қажетті дәрумендер бар. Олар денсаулыққа пайдалы.
Тапсырма
  • 789
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Ою»

Жанар жасынан әсемдікке үйір болды. Әсіресе түрлі оюларға қызықты. Оның әжесі ауылдағы атақты оюшы болатын. Сырмақ, текеметке ою салатын. Жанар әжесінен ою оюды үйретуін өтінді. Әжесі келісті. Жанар қуанды. Әжесінің айтқанын бұлжытпай орындап жүрді. Көп кешікпей Жанар бұл өнерді игеріп алды. Ол да атақты оюшы болды.
Тапсырма
  • 1 060
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Қыста»

Қыста жануарларға тамақ тауып жеу оңай емес. Құстар жылы жаққа ке-теді. Сауысқандар, ала қарғалар, торғайлар қалады. Суықтан сақтану үшін арқар, елік, қарақұйрық, киік, марал сияқты аңдардың жүні күзден бастап ұзарып қалыңдайды. Кейбір аңдардың терісінің астында май қабаты сақталады. Бұл оның бойындағы жылылықты сақтайды, тоңдырмайды.
Тапсырма
  • 2 148
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Сырғанақ»

Балалар үйдің артына қар үйді. Омар мен Қасен қарды тегістеді. Сәлім мен Төкен қардың үстін сулады. Ертеңіне сырғанақ дайын болды. Балалар түстен кейін сырғанауға келді. Олар шанамен сырғанады. Әлия мен Анар бір шанаға отырды. Сырғанақтың маңы өте көңілді. Біреулері құлап жатыр,біреулері күліп жатыр.
Тапсырма
  • 1 602
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Тау өзені»

Ауыл жанында өзен бар. Өзен беті мөлдірейді де жатады. Түбі малта тас, лай болмайды. Күн жылынған бойда ауыл балалары өзенге барады. Оның күнгей жағасындағы көк майсалы жерде ойнаймыз. Осы бір кішкене тау өзені болмаса, басқа жерде шомыла алмаймыз. Сондықтан осы өзен бойында отырған біздің ауыл балаларының суда жүзбейтіні болмайды.
Тапсырма
  • 1 229
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Менің туған күнім»

Бүгін менің туған күнім. Мен тоғыз жасқа толдым. Үйге менің достарым келді. Анам оларға кең дастарқан жайды. Оған дәмді тағамдар қойды. Менің достарыма бауырсақ, торт, шырын өте ұнады. Қонақтар маған сыйлық сыйлады.
Тапсырма
  • 1 276
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Қыс көрінісі»

Қыс желтоқсан айынан басталады,ол-жылдың соңғы айы. Жылдың ең қысқа күні мен ұзақ түні осы айда болады. Бұл мезгілде жиі-жиі қар жауады,боран соғады.Жер ақ тонға оранып,қар астында қалады.Адамдар қыста жылы киінеді. Қыс тамаша жыл мезгілі.
Тапсырма
  • 5 489
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Спорт кешеңі»

Біздің қалада спорт кешеңі бар.Ол алтыншы шағынауданда орналасқан. Спорт кешінде жаттығу залы,волейбол алаңы теннис корты бар.Орталық стадионда түрлі спортық сайсы өткізеді. Мен спорт кешіне жиі-жиі барамын. Мен атақты Қазақстанның спортшы боламын.
Тапсырма
  • 841
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Шағала»

Көл ортасындағы шағын аралда шағала ұялары бар. Бұл кеште аспан ашық болатын. Аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Көл беті айнадай жарқырайды! Өте тамаша көрініс! Кенет арал шуға толып кетті. Шағалалар шаңқылдай ұшып, айналып қонып, айта көтеріледі. Не болғанын білгілерің келе ме? Шағалалар қауіптің төнгенін сезді. Он сағат өткенде, солтүстіктен күшті дауыл тұрды. Көлдің беті алай-дүлей болды.
Тапсырма
  • 764
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Көктем келді»

Көктем де келді. Ауылдың ортасынан қақ жарып ағып жатқан өзен таси бастады. Қар еріп, сай – саланы су алды. Өзен жағасына жақын тұрған үйдің адамдары түнімен ұйықтамай шығады. Ауыл қариялары қолдарын көлегейлеп ұшқан құсқа жиі қарайды.Өйткені тырна келген соң, жер жыртуға болады. Олар сол сәтті тосады. Тырналар ұшып келді. Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды.
Тапсырма
  • 1 913
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Ақбөкен»

Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ- тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер қарауыл қарайды. Төнген қауіпке пысқырып дыбыс береді. Ақбө-кендер сырттай қарағанда қойға ұқсайды. Олардың тұмсығы жалпақтау, басы үлкен болып келеді. Артқы аяқтарынан алдыңғы аяқтары қысқалау. Көздері қайнар суындай тұп-тұнық. Ақбөкендер – өте сақ жануар. Ақбөкен дәрілік мүйізі үшін көптеп ауланды. Қазір саны азайып кетті.
Тапсырма
  • 739
Категория «Қазақ тілі»

Жылдық диктант «Сауысқанның белгісі»

Орман ішімен түлкі келе жатты. Алаңқайлардан жүгіріп өтті. Қалың ағаштардың арасынан ептеп жүреді. Бір бұтаға да соқтықпайды. Кенет ол жер бауырлап жата қалды. Балапандарын ертіп бөдене келе жатыр екен. Сол арада сауысқан шық ете қалды. Бөдене мен балапандар пыр етіп ұша жөнелді. Түлкінің әрекеті зая кетті.
Тапсырма
  • 509
Категория «Қазақ тілі»

Диктант «Біздің мектеп»

Мен алтыншы орта мектепте оқимын. Мектеп Сейфуллин көшесінде орналасқан. Біздің мектеп үш қабатты. Мектепте әр пәннің кабинеті бар. Мектепте бірінші қабатта асхана, дене шынықтыру залы, сынып бөлмелері орналасқан. Мектепте белгілі адамдармен кездесулер өтіп тұрады.
Тапсырма
  • 616