Категория «Қазақ тілі»
2 сынып диктанттары
2 сыныпқа арналған қазақ тілінен диктанттар жинағы. Сөздік диктанты: 8-12 сөз. Бақылау диктанты: 2-сынып - I жартыжылдықта 30-35 сөз, жыл аяғында 35-40 сөз.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Күз»
Күз түсті. Күн көзінің қызуы азайды. Ауа райы да суыта бастады. Жан – жануарлар қысқа дайындық жасауда. Құмырсқалар індеріне дән тасып жүр. Құмырсқа – еңбекқор жәндік. Олар қысқы азығын жаз бойы жинап алады.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Тиін»
Тиін орманда, тоғайда болады. Ол секіруге икемді. Бұтақтан – бұтаққа, ағаштан – ағашқа секіріп жүреді. Жыртықш аңдардан бұтаққа секіріп жүріп қорғанады. Тиін бүр, саңырауқұлақ және жаңғақпен қоректенеді. Тиінді көрсең тиме. Оны қорғап жүр.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Шаңырақ»
Қазақтың өмірінде шаңырақтың маңызы өте зор. Ұл бала әке шаңырағының иесі болып саналады. Киіз үйдің басқа сүйектері ескірсе жаңартуға болады. Ал, шаңырақ жаңартылмайды. Шаңырақты үй иесі деп есептелетін ер адам ған көтереді.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Ақсары»
Құстардың түрі өте көп. Сен, Ақсарыны білесің бе? Ақсары бүркітке ұқсамай ма? Ұқсайды. Оны неліктен Ақсары деп атайды? Өйткені оның аузы да, аяғы да балапандар сияқты сап – сары. Ақсары – жыртқыш құс. Ол тышқан, қояндармен қоректенеді.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Саршұнақ»
Саршұнақ – кеміруші жәндік. Ол інін егіс маңына жақын жерден қазады. Астық дәндерімен қоректенеді. Кейбір құстар саршұнақты аулайды. Соның бірі – қарақұс. Саршұнақтың іні құстардан сақтануға ыңғайлы. Ол інінен алысқа кетпейді. Інінен шықса болды, жыртқыш құстар сап ете қалады.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Киіз үй»
Киіз үй малшыларға өте қолайлы. Оны жылдам құрастырып, тез жинауға болады. Оның қыста жылы, жазда салқын болатынын айтсаңшы! Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып келеді. Киіз үйлер төрт, алты, он екі қанатты болады.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Қаңтар»
Қаңтар – жыл басы, қыстың қақ ортасы. Қаңтар айында сақылдаған сары аязды күндер көп болады. Суық күндер бет, қол, аяқ үсу жиі кездеседі. Терезенің әйнектері, ағаштар, су бетіндегі мұздар жарылып кетеді. Малшылар малды қорада күтеді. Балалар мен қарттар үйде отырады.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Түйе»
Адамдар түйені ертеден бері көлік ретінде пайдаланады. Ол шөл даланың ең төзімді көлігі. Түйе алыс жолдарға өте шыдамды. Көп уақыт су ішпей жүре береді. Түйемен адамдар жүктерін тасиды. Оның сүті қою болады. Түйенің сүтінен шұбат жасап ішеді.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Отбасы»
Менің отбасым үлкен емес. Отбасымда төрт адам бар. Әкем мен шешем қалада жұмыс істейді. Ағам төртінші сыныпта оқиды. Мен екінші сыныпта оқимын.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Сүйікті іс»
Мен бос уақытымда сүйікті ісіммен айналысамын. Менің сүйікті ісім сурет салу. Мен аптасына бір рет табиғатқа шығып, сурет саламын. Суретім өзіме ұнайды.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Менің досым»
Менің досымның аты – Марат. Ол мейірімді, ақылды дос. Оның мінезі жақсы. Ол ата - анасына көмектеседі. Марат бос уақытында сурет салады, футбол ойнайды.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Ойыншықтар дүкені»
Біздің қалада ойыншықтар дүкені өте көп. Ең үлкен дүкен орталықта орналасқан. Онда неше түрлі ойыншықтар бар. Мен үлкен қонжық сатып алдым.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Киімдер»
Киімнің түрлері өте көп. Олар: бас киімдер, сырт киімдер, аяқ киімдер. Бас киімдердің тақия, тымақ, бөрік, сәукеле деген түрлері бар.