Категория «Қазақ тілі»
1 сынып диктанттары
1 сыныпқа арналған диктанттар жинағы. Бақылау диктанты: 1-сынып - 15-20 сөз.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Қыс»
Қыс мезгілі. Далада қар жауып тұр. Балалар қармен ойнап жүр. Олар қардан қуыршақ жасады.Балалардың қолдары тоңды. Бірақ қуыршақтары әдемі болып шықты. Қуыршақтың көзі көмірден жасалды.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Кебеже»
Айтуар ағаш шебері. Оның түрлі саймандары бар. Ол ағаштан кебеже жасады. Кебеже әдемі болып шықты. Кебеженің ішіне сүр ет, құрт, ірімшік, май салып қояды. Кебежеге салған тамақ бұзылмайды.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Орманда»
Мен орман ішімен жүріп келемін. Төңірегіме қарап қоямын. Қандай тамаша! Күздігүнгіден орман мүлде өзгерген. Айнала жап – жасыл болған. Аяқ астыма қарасам, жер жасыл кілемдей. Қалың бұтақтар арасынан көгілдір аспан көрініп тұр.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Көктем келді»
Көктем басталды. Күн жылынды. Жер көгерді. Жеміс ағаштары гүлдеді. Құстар жылы жақтан ұшып келе бастады. Егіншілер егін себу жұмыстарына кірісті. Малшылар қыстаудан көктеуге көше бастайды. Олар көктеуде мал төлдетеді.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Мойыл»
Мойыл – дәрілік өсідік. Қабығы қоңыр. Гүлдері ақ түсті болады. Дәрі жасау үшін мойылдың гүлі мен жемісін пайдаланады. Мойылдан жасалған дәрімен көз, өкпе ауруларын емдейді. Мойылдың гүлін көктемде, жемісін күзде жинайды.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Отбасы»
Талғат биыл бірінші сыныпқа барды. Өзі жеті жасқа толды. Оның әкесі отыз алты жаста. Анасы жиырма алтыға толды. Балабақшаға баратын қарындасы төрт жаста. Бәрінің ортасында жетпіс беске шыққан әжелері бар.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Қымыз»
Қымыз – дәмді сусын. Ол биенің сүтінен жасалады. Қымыздың қышқылтым дәмі тілді үйіреді. Оның шипалық қасиеті де мол. Жайлауда ішкен дәмді қымыз – денсаулыққа өте пайдалы. Атам мен әжем қымыз ішкенді ұнатады.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Мамыр»
Көктемгі күн шуағын төгіп тұр. Мамыр айында жер беті құлпырып гүлге оранды. Орман жасыл желекке бүркенді. Егістіктегі астық жайқалып өсіп келеді. Далада көбелек қуып балалар жүгірісті. Мамыр айы көңілді болды.
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Алматы»
Нұрлан баққа барды. Ағашта тұрған алманы көрді. Алуға қолы жетпеді. Ағашты сілкіледі. Алмалар саулап төгілді.
( 15 сөз)
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Балалар»
Қоңырау соғылды.Балалар сыныпқа кірді. Мұғалім келді.Оқушылар орындарынан тұрып сәлемдесті. (11 сөз)
Үшінші сөйлем неше сөзден тұрады?
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Аяз болар алдында»
Жаңа ғана жапалақ қар жауып өтті. Үлпілдеп жатқан ұлпа қар аппақ ақ көбіктен аумайды. Сезілер –сезілмес салқын леп бар. ( 19 сөз)
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Футбол»
Балалар аулаға жиналды. Екі командаға бөлінді. Олар футбол ойнады. Бірінші команда жеңіске жетті. (13 сөз)
Футбол- сөзі неше дыбыстан тұрады?
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Астық»
Комбайн астық жинап жүр. Совхоз орталығында элеватор бар. Астықты элеваторға тасиды. (11 сөз)
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Ана»
Әлемдегі ең әдемі сөз-ана деген сөз. Барлық тілде бұл сөз ерекше қадірлі. (13 сөз)
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Күн»
Күн - үлкен шар. Күнде айналып жүретін планеталар бар. Күн, жер, ауа барлық халыққа ортақ. (14сөз)
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Құстар»
Құстар – табиғаттың жанашыры. Олардың көбі емшідәрігер тәрізді. Өсімдіктерді түрлі зиянкестерден қорғайды. (11сөз)
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Түйе»
Түйе - түлік басы.Түйе көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды. (18 сөз)
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Күз»
Күз болды. Күн суыта бастады. Құстар жылы жаққа кетуге дайындалды. Түрлі құстар топ-тобымен кетіп жатты. (16 сөз)
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Тоқылдақ»
Тоқылдақ – орман құсы.Ол ертеден кешке дейін жем іздейді. Ал түнде ұясында тынығады. Тоқылдақ суықта да басқа жаққа ұшып кетпейді. (20 сөз)
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Айгүл»
Айгүлдің анасы дүкенге барды. Дүкеннен алма, алмұрт, жүзім әкелді. Айгүл алманың біреуін алды. Оны әжесіне берді. Әжесі алманы жеді, рақмет айтты. ( 21 сөз)
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Үзіліс»
Қоңырау соғылды. Оқушылар үзіліске шықты. Әсем мен Анар келесі сабаққа дайындалды. Келесі сабақ - дене тәрбиесі. Олар дене тәрбиесі сабағын ұнатады. (20 сөз)
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Фермада»
Колхозда ферма бар. Ферма үлкен және таза. Фермада сиыр, қой, ешкі көп. Менің әжем озат сауыншы. Біз фермада сауыншыларға көмектестік. (20 сөз)
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Фермада»
Көктем келді. Арықтардан су ақты. Балалар қайық жасады. Қайықты суға жіберді. Қайық жүзе жөнелді. Балалар қайықтың соңынан жүгірді. (18 сөз)
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Қанатты достар»
Балалар түрлі құстарды біледі. Құстар адамға көп пайда келтіреді. Сондықтан оларды қанатты достар деп айтамыз. (15 сөз)
Категория «Қазақ тілі»
Диктант «Біздің сынып»
Біздің сыныпта жиырма оқушы бар. Он парта бар. Әр партада екі оқушыдан отырады. Сыныбымыз кең және жарық. (17 сөз)